Қараусыз қалған кен орны: атыраулықтар денсаулығы үшін алаңдап отыр

26.09.2023 02:00

Кен орны Құлсары қаласынан 35-40 шақырым жерде орналасқан

Кадр из видео Almaty.tv

Кен орнынан кесел тиюі мүмкін. Айдалада қараусыз жатқан ұңғымаға атыраулықтар қатты алаңдап отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазулы қалған қара алтынға төрт түлік түсер болса, сеспей қатуы әбден мүмкін. Әлеуметтік желіге жазба жариялап жүктеген Жылыойдың жұрты мұнай ұрлануы мүмкін деп ойын білдірген.

– Жердің иесі осы уақытқа дейін пайдаланған, оны ашық қалдыруға болмайды. Оны қайта өңдеу керек. Монометр көрсетіп тұр, атмосфералық қысым 45 кг/метр квадрат.  Тікелей ағын адамға тиетін болса, адамды тесіп кету мүмкіндігі бар. Мұнда кран орнатып, дәнекерлеп, шланга шығарып, жабайы әдіспен құйып алатын тәсіл дайындап қойған, – деді облыстық мәслихат депутаты Айбар Ерекешов.

Ал әкімдік ақпарынша, 2010 жылы игеруге алған серіктестік былтыр толық банкрот болған. Энергетика министрлігі мәліметінше, келісімшарт арқылы алған жаңа компания олқылықтың орнын толтыруға міндетті.

Айта кетейік, кен орны Құлсары қаласынан 35-40 шақырым жерде орналасқан. Қазір онда 265 мың тоннадан астам мұнай қоры бар деген болжам жасалыпты.

– 2021 жылдың 24 желтоқсанында банкроттық іс қозғалып, 2022 жылдың сәуірінде «ЕМЕ» ЖШС банкрот деп танылды. «Масабай» кен орны ҚР Энергетика министрлігінің келісімшартымен «Gold Tengry Estate» серіктестігіне берілген. Бүлінген жер учаскесіне сол компания жауапты, – деді Жылыой аудандық жер қатынастары Сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Ербол Нұртайұлы.

Оқи отырыңыз: Баспалдақтан құлаған бала: мектеп директоры қызметінен босатылды