Алакөлдегі жел: Толқын катамаранды айдынның ортасына апарып тастаған

02.08.2022 02:01

Катамарада 4 адам отырған

Ашыө дереккөз

Жетісу облысы Ақши ауылында 4 адам, олардың біреуі кәмелетке толмаған, катамаранмен жүзіп жүріп жағадан алыстап кеткен, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Желмен көтерілген толқын катамаранды судың ортасына апарып тастаған. Бұл туралы ақпарат облыстық ТЖД кезекші пультіне 1 тамыз күні таңғы сағат 5:15-те түседі. Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін шақыру орнына дереу Жетісу облысы ТЖД Алакөл өңірлік жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жіберілді. Жетісу облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, демалушылар сағат 5:40-та жағадан 1,5 шақырым қашықтықта табылып, жағаға жеткізілді. Құтқарылғандарға судағы қауіпсіздік және құтқару кеудешелерін міндетті түрде кию қажеттігі түсіндірілді.