Өткен жылмен салыстырғанда 11 пайызға аз
Алматыда жыл басынан бері кәмелетке толмағандар арасында 56 қылмыстық оқиға тіркелген. Өткен жылмен салыстырғанда 11 пайызға аз. Бұл туралы бүгін қалалық прокуратураның ұйымдаструымен өткен кеңейтілген жиында белгілі болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Құзырлы орган өкілдерінің мәліметінше, қала бойынша мектеп жасындағы балаларға күш көрсету қылмысы азаймай тұр. Былтырға қарағанда ол 43 пайызға өскен.
«Соңғы кезде қоғам назарында мектептерде буллинг пен оқушылардың қылмыстық іс-әркетке баруы сынды мәселелер өзекті болып отыр. Бұл бізді де алаңдатпай қоймайды. Себебі қазір балалардың жазғы демалыс кезеңі. Түрлі заңбұзушылықтар мен құқық бұзушылықтарға бой алдыруы мүмкін. Бүгінгі кеңейтілген жиынның мақсаты– қылмыстық оқиғаның алдын алу», – деді қалалық бас прокурордың көмекшісі Гүлнәр Жанбекова
Алматыда 207 мектеп бар. Онда 280 мыңға жуық кәмелет жасына толмаған бала оқиды. Бұған дейін әр мектепте балалардың тәртібін қадағалайтын арнайы ювеналды полиция қызметкерлері жұмыс істеді. 2021 жылдың қаңтар айынан бастап ІІМ шешімімен олар алынып тасталды. Содан бұл жұмыс әр аудандағы полиция басқармасындағы бөлімдерге тапсырылған. Алматы қаласы прокуратурасының мамандары мектептерде арнайы мамандардың жұмыс істеуі аса маңызды дейді. Сол себепті министрлікке қайта ұсынғалы отыр.
«Онлайн оқу бітіп, офлайнға көшкен кезде бізде балалардың сабаққа кешігуі жиеледі. Бастапқыда біз олардан түсінектеме алып, ата-аналарына хабарласып, қысым көрсеткенбіз. Ол нәтиже бермеді. Баланың қал жағдайын білу, кешігіп келсе түсінектеме алмау, ата-анасына қоңырау шалмау секілді ережелер енгіздік. Бұл нәтиже берді», – деді №133 мектеп-гимназиясының директоры Нұрлан Адамов.