Оларға дәрігерлік көмек қажет болмаған
Өрт көпқабатты үйдің сегізінші қабатында болған. Бұл туралы Өңірлік төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Пәтердің балконында тұрған жиһаз бен заттар жанып, қою түтіннен өзге пәтерлердің тұрғындары тұншыққан.
– Бүгін сағат 15.56-да «101» пультіне Павлодар қаласындағы Бекхожин көшесінде орналасқан 10 қабатты үйдің 8-ші қабатында балконның жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына барған өрт сөндіру бөлімшелері 4 шаршы метр алаңда үй заттары мен жиһаздың жанып жатқанын анықтады. Қызметкерлеріміз 7-қабаттағы пәтерден түтінге тұншыға жаздаған 1987 жылғы ана мен 2020 жылы туған баланы аман алып шықты. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт сағат 16.18-де толықтай жойылды, - деді мәлімдеді департаменттен.
Құтқарушылар баланы төменге алып түсу үшін «Фенист» құтқару құрылғысын қолданған. Ана мен балаға дәрігерлік көмек қажет болмаған.
Өрт сөндіру мен құтқару жұмыстарына төтенше жағдай департаментінің 36 қызметкері және 10 техника жұмылдырылды.
ТЖД жеке құрамының 36 адамы мен 10 бірлік техникасы, ЖҚЖ, АМО жұмылдырылды.
Еске сала кетейік, Батыс Қазақстанда 1 мың гектар аумақта шөп өртенді.
Дереккөз: ҚазАқпарат