Дәстүрге айналған «Almaty Dream Party» концерттік шоу-бағдарламасы оңтүстік астанада қатарынан үшінші рет өткізілді. «Алматы» телеарнасының бастамасымен іске асқан іс-шара Көктөбе төрінде ұйымдастырылып келеді. Ерекшелігі – бұл жолғы музыкалық жоба телеарнаның 25 жылдық мерейтойына тұспа-тұс келген.
Еске сала кетейік, қала тұрғындары мен қонақтары шаһардың көрікті орындарының бірінде, жаз соңына дейін сүйікті эстрада әншілерінің туындыларын тегін тыңдай алады.
– Концертті үш жылдан бері өткізіп келеміз. Мегаполис тұрғындарына, қонақтарына арналған. 1 маусымнан 1 қыркүйекке дейін сәрсенбі сайын сағат 19:00-де әннен шашу шашылады, – деді Almaty телеарнасының бас продюсері Ралида Мұқанова.
Оқи отырыңыз: «Алматы» телеарнасы балаларға мерекелік сыйлық жасады