Сайлаудағы әділ және адал байқау туралы Хартияға 30 мыңнан астам байқаушы қосылды

29.12.2020 02:02

Ол туралы аталған ресми емес құжаттың авторы Айгүл Соловьева айтты

Сайлаудағы әділ және адал байқау туралы Хартияға 30 мыңнан астам байқаушы қосылды. Ол туралы аталған ресми емес құжаттың авторы Айгүл Соловьева айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның сөзінше, ендігі мақсаттары оның құрамына халықаралық бақылаушыларды қосу. Өйткені Хартия көптеген дүниежүзілік демократиялық сайлау стандарттарына негізделіп құрылған. 

«Осы хартия негізінде демократиялық, шынайы, еркін және әділ сайлау арқылы халықтың күші мен ерік-жігерін білдіру үшін сайлау процесін бақылауды ұйымдастырамыз. Еліміздің Конституциясы, сайлау туралы заң, сондай-ақ азаматтардың сайлау және сайлану құқықтарын қамтамасыз ететін өзге де нормативтік құқықтық актілерді түсіндіруге бағытталған қоғамдық қызметтерді ұсынатын боламыз», – деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанындағы арнайы мониторинг тобының басшысы Айгүл Соловьева.

Ал, кәсіподақ шбатының өкілдері ұйым мүшелерін сайлауда қандай да бір партияға дауыс беруге күштеп қысым көрсетіп жатқан жоқпыз дейді. 

«Жұмыс берушілер тарапынан ешқандай жұмысшыларға қысым көрсету жағдайларын болдыртпау, жұмысшыларға қандай да бір партияға  дауыс бергізу жағдайларының алдын алу мақсатымен осындай үлкен іс-шаралар өткізіп жатырмыз», – деді ҚР Кәсіподақтар федерациясының республикалық штабының өкілі Төлеген Күнәділов.