Алматыда еріктілер әскерилер мен полицейлерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады

Almaty.tv
Almaty.tv
Олардың қатарында блок-бекетте жүргендер де бар
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мейрам қарсаңында мерекеге қарамастан бірқатар қызметкерлер жұмыста жүр. Олардың қатарында блок-бекетте жүргендер де бар. Бір топ еріктілер бүгін халықтың қауіпсіздігін күзетіп жүргендерге  жылы сөз айтып, тәттілер таратып қайтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бірлік болмай тірлік болмас. Әлемде экономикалық және әлеуметтік даму мен тың өзгерістер осы бірлік пен тұрақтылықтың арқасында жүзеге асып келеді. Қазақ халқы алмағайып замандарда шартараптан бас сауғалаған, тағдыр тәлкегімен босып келген басқа жұртты бауырына басты. Этностық тегіне, дініне қарамай баршасының ұйысуына себепші болды. Осынау атаулы мейрамда елдегі төтенше жағдайға байланысты сапқа тұрып, қызметте жүргендер көп. Олар да бүгінгі мерекеге ақ жарма тілектерін арнап, барша қазақстандықтарды құттықтады,

«Мейрамға қарамай, көптеген қызметкерлер күні-түні біз үшін жұмыс істеп жатыр. Құттықтап келіп отырмыз. Бекеттегі қызметкерлердің бәрін мейраммен құттықтап, бірлігімізді көрсетіп, құттықтап жатырмыз», – деді ерікті Бағдат АНАРБАЕВА.

Бірлік күні тұсында залалсыздандырушы мамандардың да жұмысы қызу. Олар бүгін тұрғын үй аулалары мен кірберістерге дезинфекциялық тазалау жүргізіп жатыр. Оларда төтенше жағдаймен қатар келген атаулы күнге жылы лебіздерін арнап, отандастарын құттықтады.

«Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді бүгінгі  мерекемен  құттықтаймын. Денсаулық тілеймін. Амандық тілеймін», – деді дезинфекционист Ермек ЖАҚСЫБАЕВ.

Көптеген ұлттың ортақ шаңырағына айналған Қазақстан бейбітшілік пен келісім арқылы әлемге үлгі болып келеді. Басқа ұлт өкілдері қазақ халқына қашанда дән риза. Бір үйдің баласындай ұйысып отырған түрлі ұлт өкілдері де ел бірлігі күніне шынайы лебіздерін білдірді.

«Құрметті отандастар! Ассамблея жастарының атынан баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бір шаңырақ астындағы халқымыздың достығы мен ынтымақтастығы нығая берсін. Береке бірлігіміз арта берсін!» – деді «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының мүшесі Галина ДУРАЧЕНКО.

«Қазақстан халқы бірлігі күні құтты болсын! Сіздердің отбасыңызға амандық, бақыт, жақсылықтар тілеймін. Біз бірге болсақ әр қандай қиындықты да індетті де жеңеміз. Мереке құтты болсыгн ағайын!» – деді Өзбек ұлттық мәдени орталығының төрағасы Абдулла ИСМАТУЛЛАЕВ

«Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерек. Карантин тәртібін қатаң сақтап отырған қала тұрғындары да құттықтауларын жаудырып жатыр.  

БЛИЦ:

– Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Аспанымыз ашық болсын.

– Поздравляю с первым маям. Желаю вам, счастье и здоровье.

– Всех с праздником. Берегите друг друга. Любите друг друга и оставайтесь дома.

Коронавирус инфекциясы бүкіл әлем халқын әуре-сарсаңға салып, қалыпты өмірге үлкен ықпалын тигізуде. Әйтсе де Қазақстан халқы бүгінгі күні сабыр мен ынтымаққа төр беріп, қиындықты еңсеріп келеді. Бұл – бірлік арқасы, елдіктің белгісі.

Қуан Нұрақын, Рашид Шүкірәлиев, «Алматы»  телеарнасы


Новости партнеров