650 мың қазақстандық тұрғын үй кезегінде тұр
650 мың қазақстандық тұрғын үй кезегінде тұр, оның 255 140 жуығы - халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары. Тұрғын үй кезегінде тұрғандардың тізімін жыл сайынғы түгендеу Қазақстанда 300 мыңға жуық адам тізімнен шығарылуы мүмкін екенін көрсетті. Бұл туралы ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Тізімнен шығарылуы мүмкін топқа яғни, талапқа сай келмейтін, баспанасы бар немесе заң бойынша тұрғын үй алуға өтініш беруге құқығы жоқ тұлғалар жатады.
Биылғы 1 қаңтадан бүгінге дейін, әкімдіктер жалпы саны 34 000 азаматты кезектен шығару туралы қаулы қабылдады.
Кезекте тұрғандар арасындағы ең үлкен сәйкессіздіктер келесі себептер бойынша анықталды:
Биыл мамырдан бастап министрлік kezekte.kz ақпараттық жүйесін әзірлеушілермен бірлесіп, сәйкессіздіктер анықталған кезекте тұрғандарды жеке деректерін жаңарту қажеттілігі туралы SMS хабарлама арқылы хабардар ету туралы шешім қабылдады.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде азаматтар тұрғылықты жері бойынша әкімдіктерге мәліметтерді жаңарту үшін белсенді түрде келе бастады. Бүгінгі таңда, 34 мың азаматты кезектен шығару туралы шешім қабылданды. Мамырдан бастап17 000 азамат кезектен шығарылды.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Оқи отырыңыз: Елдегі сүт өндірушілер қолдауға зәру