Екібастұз тұрғындарының шығыны қалай өтеледі

Almaty.tv
Almaty.tv
Тұрғындардан 2 мыңнан астам өтініш түсті
Жаңалықтармен бөлісіңіз


Екібастұздықтарға төтенше жағдайдан келген шығын қалай өтелмек? Бұл сауалға Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин жауап берді, деп хабарлайды Almaty.tv. 

«Қала бойынша 12 жылыту бекеті бар. Оның ішінде 7 бекетте тұрғындардан өтініш қабылданады. Өтініште залалдың себебі мен келген шығын көлемін нақты көрсетуі тиіс. Егер үй иесі келген залалды өз есебінен өтеп, жөндеген жағдайда фискалдық чек талап етіледі. Тұрғындардың өтініші негізінде арнайы комиссия істі үш күн бойы қарайды. Содан соң шығын өтеледі», - деді қала басшысы Аян Бейсекин штабтың баспасөз мәслихатында.

Өз кезегінде Павлодар облысы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Олег Крук апат шығынын есептеу жұмысының басталмағанын айтты.

«Шығын көлемін есептеу әлі басталған жоқ. Апатты қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Содан соң ғана әкімдік залалды анықтау жұмысын қолға алады. Тұрғындардан 2 мыңнан астам өтініш түсті. Бірақ, нақты санды айта алмаймын», - дейді ол.

Еске салайық, 27 қарашада Екібастұз жылу электр орталығында апат болып, қала тұрғындары жылусыз қалды.

Кейін жылу қазандығының істен шығуына байланысты облыс әкімі бастаған жедел штаб құрылды.

Айта кетсек, жедел штабтың бүгін түстегі ақпаратына сәйкес, Екібастұздың көпқабатты 71 үйдің жертөлесіндегі тораптарға жылу берілді.

Дереккөз: ҚазАқпарат.


Новости партнеров