Әскери адамдардан 650 адам күндіз күзет қызметін жүргізеді
Қорғаныс министрінің орынбасары Бақыт Құрманбаев Арыс қаласындағы жарылыстың салдарынан үш жерде өрттің әлі де қауіп тудырып отырғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазіргі кезде Қорғаныс министрлігі иен полиция күштері қалаға периметер бойынша күзет жүргізіп жатыр. Әскери адамдардан 650 адам күндіз күзет қызметін жүргізеді. Сондай-ақ, 150 әскери техника пайдаланылауда. 150-ден астам сапер қаланың ішінде миналар мен снарядтарды залалсыздандыруда. Саперлар қаланың ішін теміржолдың бойымен тазалап, біршама жұмыс жүргізді. Әуеге біз үш әуе құрылғысын жіберіп, мониторинг жүргізіп жатырмыз», - деді Бақыт Құрманбаев.
Вице-министр жарылыстың себебін анықтау үшін зерттеу мен процессуалдық шаралар жүргізіліп жатқанын, бірдеңе деуге әлі ерте екенін жеткізді.
«Бірінші адам көлікпен келе жатқанда үстіне снаряд құлап, қаза болған. Екінші адам өртті өшіріп жүрген кездінде мерт болды. Қалған жайдардың бәрі анықталып жатыр. Қазіргі уақытта ең біріншіден саперлер жұмыс істеп, снарядтарды теріп, жинап, қаладан шығаруда. Қазір үш жерде өрт қаупі сақталуда. Жарылыс болып жатқан жоқ», - деді ол.