«Жұмысқа байланысты»: танымал адвокат өз итін өлі күйінде тауып алды

06.06.2019 в 02:05

Адвокат иті Бористің сабырлы болғанын, көршілерге кедергі келтірмегенін айтады

Белгілі адвокат Айман Омарова өз үйінің алдында итін өлі күйінде тауып алды. Заң қызметкері полицияға арыз жазған, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Адвокат иті Бористің сабырлы болғанын, көршілерге кедергі келтірмегенін айтады. Ол Айманның жеке үйінің вольерінде тұрған.

Қорғаушының сөзінше, сол түні үй ауласынан түрлі дыбыстар шыққан. Соның кесірінен Омарова ұйықтай алмапты. Оның сөзінше, итті жұмысқа байланысты өлтіріп кетіпті.

Теги: адвокат