«Егіз күткен едік»: Қостанай облысында жас келіншек үшемді дүниеге алып келді (ВИДЕО)

05.06.2019 в 02:05

Үшемнің дүниеге келуі 17 жастағы Ирина мен оның жұбайы үшін тосын сый болды

Қостанай облысындағы Лисаковск қаласының тұрғыны егізге жүктімін деп жүріп, үшемді дүниеге әкелді, деп хабарлайды alau.kz.

Қуанышты оқиға Лысак отбасында болды. Он жеті жастағы Ирина егізге аяғым ауыр деп жүргенде, салмағы 1,4-тен 2,1 келіге дейін екі қыз бен бір ұл босанды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлағандай, жас ана мен сәбилерінің жағдайы жақсы.

«Біз егіз күтіп жүрген едік, бұл тосын сый болды. Сондай бақыттымыз, төбеміз көкке жеткендей. Біздің алғашқы немерелеріміз. Күтпеген жерден үшінші сәбиге қатты қуандық», - дейді үшемнің әжесі.

Еске сала кетсек, сәуірдің ортасында Қырғызстанда керісінше жайт болды. 24 жастағы Гүлзина Әбдімәжитова үшемді күтіп жүргенде, егіз босанған. Дәрігерлердің айтуынша, ультра дыбыстық зерттеу кезінде үшінші нәрестенің сұлбасы қате көрінген болуы мүмкін.

Теги: үшем