Ерболат Досаев мемлекет қайраткері Бердібек Сапарбаевтың отбасы мен туыстарына көңіл айтты

11.06.2023 в 02:06

Қала әкімі мемлекет қайраткерінің жарқын бейнесі халықтың жүрегінде мәңгі сақталатынына сенім білдірді

inbusiness.kz
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Сапарбаевтың өмірден өтуіне байланысты орны толмас ауыр қайғыға ортақтасып, отбасы мен ағайын-туыстарына көңіл айтты, деп  хабарлайды Almaty.tv.
«Бердібек Машбекұлы сан түрлі салада еңбек етіп, 45 жылдан астам уақыт мемлекеттік қызметте еліміздің өркендеуіне қомақты үлес қосты. Тәуелсіздікті нығайту жолында қатардағы экономистен ҚР Премьер-министрінің орынбасарына дейінгі лауазымды қызметтерді абыроймен атқарды. Әрдайым жауапты қызметтің тұтқасын ұстап, қысылтаяң уақытта да жүктелген күрделі міндетті тиянақты орындап, елдің сенімінен шыға білді»,- деді Ерболат Досаев.
Ерболат Досаев Бердібек Сапарбаевтың жарқын бейнесі халықтың жүрегінде мәңгі сақталатынына сенім білдірді.