ҚХА мүшелері Президент Жолдауына пікір білдірді

05.09.2023 02:07
Almaty.tv

«Президент Жолдауына бір кісідей үн қосамыз». Достық үйінде бас қосқан түрік этномәдени орталығының мүшелері осылай дейді. Жиында Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауын жүзеге асыру және түсіндіру жұмыстары талқыланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Президент айтқан өңдеу өнерәсібінің қуаттылығын арттыру мен ауылшаруашылығы әлеуетін көтеру бастамалары ел экономикасын еселеп, мемлекет қуатын арттыруға септесері сөзсіз. Сондықтан түрік ағайындар «Жолдауды жүзеге асыруға барымызды саламыз» деп отыр.

– Президент Жолдауында айтылған өнеркәсіп өнімдерін молынан өндіру мен өңдеу саласындағы жұмыстарды барынша қолға алуымыз керек. Бүгінде өнеркәсіптік әлеуетіміз әлі де төмен екені айтылды. Сондықтан ел экономикасын көтеруде әр сала бойынша қолдан келгенше аянбаймыз. Бізге  ауызбіршілік керек, – деді «Ахыска» республикалық түрік этномəдени бірлестігінің төрағасы Зиядин Хасанов.