Медеу ауданында 2200 үйге газ құбырлары тартылмақ

27.09.2019 02:08

Газ 2020 жылдың қаңтар және наурыз айларында беріледі

Алматының Медеу ауданында көгілдір отынға қол жеткізер күн алыс емес.  Жақында 2 мың 200-ден астам үйге газ тартымақ. Бұл туралы  аудан әкімі Сұлтанбек Мәкежанов қала әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингінде уәде етті. Әкімнің айтуынша ауданды толықтай газбен қамтамасыз ету мәселесі жақында шешімін табады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Қазір газ тартылмаған аумақтарда «ҚазТрансГаз» компаниясы жұмыс істеп жатыр. Биылғы жылдың желтоқсан айына дейін магистральді тарту аяқталса, 2020 жылдың қаңтар және наурыз айларында газ қосылады», - деді Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі Сұлтанбек МӘКЕЖАНОВ.

Сұлтанбек Мәкежановтың айтуынша, аудандағы 12 588 адам тұратын 118 үйдің 52 ауласын абаттандыру бойынша жұмыстары жүріп жатыр.  Ал, келер жылы 18 аулаға күрделі, 30 аулаға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.