Әр сауда нүктесінен кез келген интерьер дизайнына сәйкес келетін есікті табуға болады
Қазақстандық «Dveri-city» компаниясы енді өз есіктерін шығарады. Жетекші дүкендер желісі осыған дейін Ресей өндірушілерінің есіктерін республикаға тасымалдаумен айналысып келген еді. Жаңа кәсіпорынның ашылуымен 70-тен аса адам жұмыспен қамтылмақ. Сондай-ақ, жас ұйым тұрғындарға көктемгі құрылыс маусымына арналған топтаманы ұсынады. Компанияның 6 облыста дүкендері бар. Әр сауда нүктесінен кез келген интерьер дизайнына сәйкес келетін есікті табуға болады.
10 жыл бұрын құрылған «Dveri-city» компаниясы Ресейдің жетекші есік өндірушілерімен жұмыс істеп келеді. Қазір ел нарығында сұранысқа ие дүкендер желісіне айналып үлгерген. Компанияның басымдығы тиімді бағалары мен жоғары сапа, сондай-ақ, дайын өнімдердің үлкен қорында. Мұнда классикалық пішіндерден заманауи стильге дейінгі есік түрлері бар. Бағалары 11 мыңнан басталып, 300 мың теңгеге дейін жетеді.
«Dveri-city» желісінің алдына қойған мақсаты – барлық келген клиенттің, алушының жағдайына қарау. Егер ол кісіге төменгі арзан есік керек болса, арзан есік бар. Орта, ортадан сәл жоғары одан кейін қатты қымбат есіктер бар», – деді «Dveri-city» дүкендер желісінің негізін қалаушы Досбол Жылқыбаев.
Компания басшылығы жақын арада есік жасайтын өз кәсіпорнын ашуды жоспарлап отыр. Осылайша отандық өнім шығаратын бірден-бір компанияға айналуға ниетті.
«Қазіргі таңда станоктарды алып келдік. Оған мамандарымыздың барлығы дайын, сай. Тек қана біз шикі өнімді күтіп отырмыз. Менің алдыға қойып отырған мақсатым – бұл қазақстандықтарға, өзіміздің бауырларға жұмыс беру. Бұл жерде алғашқы 70-80 жұмыс орны 70-80 ашылады», – деді «Dveri-city» дүкендер желісінің негізін қалаушы Досбол Жылқыбаев.
Топтамалар әр маусымдағы сәнді түстерге, тенденциялар бойынша үнемі жаңартылып отырады. Әрбір дүкенде есіктердің 200-ден астам ассортименті бар. Компанияның есіктері республиканың 6 облысында қолжетімді. Сондай-ақ, көршілес Өзбекстан мен Қырғызстан елдерімен де сауда-саттық жасайды.
«Қазақстанның әр өңірлерінде ашылып жатырмыз. Бізбен серіктестік жасайтын адмдар да бар, солар арқылы да алуға болады. Тағы Қазақстан бойынша енді Қарағандыда ашылуға ниеттеміз. Семей, Өскемен, Павлодар жақтардан ашылады», – деді «Dveri-city» дүкенінің менеджері Әсем Күнбаева
Айта кетейін, әрбір сауда нүктесінде есіктерге несие рәсімдеуге бар жағдай жасалған. Сондай-ақ, топтамаларды dveri-city.kz сайтынан қарап, үйге дейін жеткізу қызметін пайдалануға болады.
Сымбат Ноғай, Ғани Қалуов, «Алматы» телеарнасы