Табиғат аясын қоруға келгенде қорықшылардың рөлі тіптен ерекше. Олар Көкжайлау үстіртін тазалауға барған мыңдаған алматылыққа жол көрсетіп, Қызыл кітапқа енетін өсімдіктердің тапталып қалмауын қадағалады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Осы орайда Іле алатау ұлттық табиғи паркінің инспекторы Нұрлан Дүмшебаевпен тілдескен едік. Қорықшының айтуынша, демалуға келетіндердің экологиялық мәдениеті әлдеқайда жақсарған.
«Қорықшылардың негізгі маңызы табиғатты қорғау болып табылады ғой. Кейінгі осы артымызда қалған бала-шағамыз бар. Ұрпаққа қалдырып, бірдеңе көрсетсек. Осындай керемет табиғатымызды қорғау болып табылады ғой негізгі біздің жұмысымыз. Өкініштісі, оны көп кісілер біле бермейді. Атқа мініп, тауда жүреді деп ойлайды бізді. Негізі бұл жұмыстың қиындықтары да бар. Бізде ағаштардың кесілмеуін, қоқыс тасталмауын, от жағылмауын қадағалаймыз», – деді Іле Алатау ұлттық табиғи паркінің инспекторы Нұрлан ДҮМШЕБАЕВ.