Маңғыстау облысында ат тепкен балаға ота жасалмақ
Бес жасар бала жабық бас сүйек-ми жарақатын алған, миы шайқалып, бет сүйегі сынған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Маңғыстау облысында ат тепкеннен кейін ауыр жарақат алған бес жасар баланы отаға дайындап жатыр, деп хабарлайды Lada.kz.
Баланың ата-анасының айтуынша, оқиға жеке үйдің ауласында болған.
«Қазіргі уақытта оның жағдайы тұрақты, бала жақ-бет хирургиясында ота жасауға дайындалуда», - дейді Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Бала облыстық ауруханаға Мұнайлы ауданының Баянды ауылынан түскен. Тексерістен кейін дәрігерлер науқас жабық бас сүйек-ми жарақатын алғанын анықтады, сондай-ақ миы шайқалып, бет сүйегі жарықшақтанып сынған. Бұдан басқа, баланың мұрын қалқасы қисайып, жоғарғы және төменгі еріндері зақымданғаны белгілі болды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
03.11.2026 12:40
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
03.11.2026 08:11
SU LAB Street: Алматыда жаңа ғылыми зертханалар көшесі ашылды
02.11.2026 13:10