Мектепке дейiнгi бiлiм беру саласы 65 мыңнан астам баланы қамтиды – Р. Бөлекбаева

27.06.2021 02:12

Жыл басынан берi 30 жекеменшiк мектепке дейiнгi ұйым ашылды

pandaland.kz

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Жолдауы аясындағы өңірдің дамуы туралы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді. Брифингтегі білім саласына қатысты айтылған мәселелер жөнінде Д.А. Қонаев атындағы колледж директоры Райхан Бөлекбаева өз пікірін ортаға салды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы Райхан Бөлекбаева өзінің Instagram парақшасында жазды

«Алматы қаласының Әкiмi Бақытжан Әбдирұлы Сағынтаев Нұр-Сұлтандағы Орталық коммуникациялар алаңында брифинг өткiзiп, қаламыздың ерекше жетiстiктерiн айтты. Бiлiм саласындағы нәтижелер ауқымды. Қалалық 278 мектеп 300 мың оқушыны қамтиды. Биылғы оқу жылында 11,5 мың түлек мектеп бiтiрдi. 900 түлек «Үздiк аттестат» алса, 621 оқушы «Алтын белгi» иегерi атанды. Осы жылдың аяғына дейiн 8 мемлекеттiк мектеп, 6 жекеменшiк мектеп және 17 қосымша құрылыс аяқталып 21 мыңнан астам жаңа орынд ашылады. Мектепке дейiнгi бiлiм беру саласы 65962 баланы қамтиды, 832 ұйым жұмыс iстейдi. Жыл басынан берi 30 жекеменшiк мектепке дейiнгi ұйым ашылды», – деп жазды Р. Бөлекбаева.