|
18.03.2021 | 21:14
1044

20 наурызда Ұлыстың ұлы күніне орай жаңа фильм жарық көреді

«Қыдырбектің қыдыруы» атты қызықты қысқа метражды фильм

20 наурызда Ұлыстың ұлы күніне орай жаңа фильм жарық көреді

20 наурызда Ұлыстың ұлы күніне тарту ретінде «Қыдырбектің қыдыруы» атты қызықты қысқа метражды фильм жарық көреді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мерекелік шығарманың түсірілуіне «Алатау» дәстүрлі өнер театрының ұжымы ұйытқы болып отыр. Онда халқымыздың төл мерекесін кімнің қалай қарсы алатыны көрсетіледі. Оқиғалар желісі айналасына мән беріп қарайтын Қыдырбек атты зейінді баланың айналасында өрбиді. Фильм барысында еліміздегі өзге ұлт өкілдерінің әз-Наурызды тойлаған сәттері де көрініс таппақ.

«Ғұрыптарды кіргізіп отырмыз. Дәстүрімізді кіргізіп отырмыз. Наурыз көженің қалай дайындалатыны, жалпы Наурыз көжеге 7 түрлі тағам дейміз. Оның бір мәні бар, мағынасы бар. Соның бәрін осы кино барысында көрсеткіміз келеді», – деді Алатау дәстүрлі өнер театрының бас режиссері Жұлдызбек Жұманбай.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир