|
23.06.2023 | 21:14
920

Алимент төлемегендерге қандай шара қолданбақ

Бұл туралы бүгін Әділет министрі Азамат Есқараев мәлімдеді

Алимент төлемегендерге қандай шара қолданбақ inform.kz

Алимент төлемеген жеті мыңға жуық адамға Қазақстан аумағынан шығуға тыйым салынды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы бүгін Әділет министрі Азамат Есқараев мәлімдеді. Оның айтуынша, борышкердің тұрақты табысы мен мүлкінің болмауына байланысты алимент өндіру қиынға соғады екен. 

Айта кетейік, елімізде азаматтардың бала алдындағы қарызы 18 млрд теңгеге жуықтаған.

Жыл басынан бері 5 айдың ішінде алимент төлеуден жалтарған 1094 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Ал 6969 адам Қазақстан аумағынан шығуға тыйым салынған. Егер бір адамның қарызы 863 000 теңгеден асатын болса, ол жүргізуші куәлігінен айырылады. Сондай-ақ түрлі қызмет көрсетуге лицензиясынан алынады және басқа да тыйымдарға тап болады. Десе де, борышкерлердің арасында тұрақты жұмысы мен мүлкі бола тұра, әдейі төлемейтіндер де бар.

«Алимент төлемеудің мәселесі борышкердің жұмыс істемеуі немесе мүлкінің болмауы болып отыр. 1400 адам Әділет органдары және жергілікті әкімдіктермен бірлесе, жұмыс жәрмеңкесін ұйымдастырып, жұмыс тауып орналастырдық», – дейді ҚР Әділет министрі Азамат Есқараев.

Айта кетейік өткен айда Шығыс Қазақстан облысында 4 млн теңге алимент төлемеген азаматқа сот үкімі шыққан еді. Ол 5 жыл бойы 12 және 15 жастағы балаларын асырау міндетін мүлде орындамаған. Сот шешіміне сәйкес, оның 1 жылға бас бостандығы шектелді. Сонымен қатар министр заңсыз иеленген активтерді мемлекетке қайтару мәселесіне тоқталды. Есте болса, елден шетке заңсыз шығарылған активтерді өз еркімен қайтарған азаматтар қылмыстық жауапкершіліктен босатылатыны туралы заң қабылданған еді. Бұл Мәжіліс депутаттарының бастамасымен қабылдаған шешім дейді Есқараев.

«Идеалды түрде заң жобалары болмайды. Әрқашан бір тарап немесе екінші тарап заң жобасына риза болмайды. Көптеген мәселе батыл шешім қабылдауды талап етеді. Егер активтерін елге қайтарса, олар ертең елдің болашағы мен экономикасы үшін, әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында пайдаланылса жақсы емес пе?», – дейді ҚР Әділет министрі Азамат Есқараев.

Министр қызметтерді цифрландыру және автоматтандыру мәселесін де назардан тыс қалдырмады. Қазір ведомство 12 жоба әзірлеп жатқанын хабарлады. Соның бірі - «Цифрлық нотариат» бағдарламасы. Жоба аясында азаматтар нотариусқа бармай-ақ сенімхатты онлайн алуға мүмкіндігі бар. Жыл басынан бері бұл қызметті екі мыңнан астам адам пайдаланған.

Ұлағат Арғын, Рамазан Өмен, «Алматы» телеарнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир