Тұрмыстық қалдықты қайта өңдеуге болады. Осы қағида бүгін Алматының мектеп оқушыларына түсіндірілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Бұл – елімізде экологиялық тазалықты сақтаудағы алғашқы қадамдардың бірі. Қоқысты өңдейтін техникамен жабдықталған «Экотракт» көлігі Түрксіб ауданындағы мектептерді аралап, оқушыларға қоқыстың қалай өңделетінін көрсетті. Айта кетейін, Түркісіб ауданы әкімдігі қолдаған бұл бастама Қарағанды және Нұр-Сұлтан қалаларында жалғасын таппақ.
«Экологиялық тазалық – бұл дүниежүзілік мәселе. Бірінші кезекте еліміздегі табиғат тазалығына жауапты болуымыз қажет. Біз, экологиялық тазалықты сақтау мақсатында адамдарға ерте жастан қоқыстарды арнайы жәшіктерге тастауды үйретудеміз. Өйткені қоқысқа тасталатын шыны, пластик, макулатура және целофан өнімдері қайта өңдеуге келетін шикізат көздері болып табылады», - деді компания директоры Мұрат ЖАТАҚБАЕВ.