Жар басындағы зар: Ақтөбеде жұрт үй маңындағы жырадан қорқып отыр

Almaty.tv
Almaty.tv
Аудан әкімі келер көктемге жетпей, мәселе шешілетінін айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтөбеде жұрт үй маңындағы жырадан қорқып отыр. Өйткені өзен бойында орналасқан баспаналарына қатты алаңдайды. Жыл өткен сайын өзен арнасы кеңіп, жарды ойып келе жатқан көрінеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бұл – Сұлушаш Балкенованың ауласындағы көрініс. Биыл көктемде өзен суы қоршауын құлатып, сарайы мен қосымша құрылысының бәрін шайып кеткен. Енді үйіне жапсарлас тұрған жар құлауы мүмкін.

– Былтыр су көтеріліп, бәрін қиратып алып кетті. Қора, әжетхана құлады, – деді  «Қарғалы» тұрғын алабының тұрғыны Сұлушаш Балкенова  

4-5 жылда он метрге жететін жағалау қазір 30-дай үйге қауіп төндіріп тұр. Сондықтан жұрт өз бетінше бекітіп, қауіпсіздік үшін қолдан келгенін жасап жүр.

– Келесі жылы бәрі суға кетеді. Әкімдікке неше рет бардық, ешкім келген жоқ, көмектескен жоқ. Бірінші барғанда қолынан түк келмейтінін айтқан. Екі ай болды әлі ешкім келмеді, – деді «Қарғалы» тұрғын алабының тұрғыны Ақмаржан Бабанова.

Жар басында отырған жұрттың жайын білмекке жергілікті билік өкіліне арнайы бардық. Аудан әкімі келер көктемге жетпей, мәселе шешілетінін айтты.  

– Қазір жыл сайын су шайып, жары құлап, кей үйдің шарбағына жақындады. Біз бұл мәселеге қатысты қаржы сұрап, қалалық әкімдікке хат жолдадық. Осы жұмысты күзге дейін аяқтау керекпіз. Өзім Тікелей мен жауап беремін, – деді Алматы ауданының әкімі Медет Ысқақов.

Тікелей жауаптымын деген шенді жұрттың жанайқайын жақсы біледі. Дегенмен жергілікті биліктен көңілі қалған көпшілік үмітін үзбейді.

Райгүл Еншібай, Жомарт Құдайбергенов, «Алматы» телеарнасы, Ақтөбе

Оқи отырыңыз: Алматы облысында ауыл тұрғындары құрттаған су ішуге мәжбүр

Новости партнеров