Қазақстан халқының саны 20 159 707 адамға жетті
Almaty.tv
Халық санының ең жоғары өсу қарқыны Астана мен Шымкент, Алматы қаласында тіркелді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Ұлттық статистика бюросы халық саны бойынша жаңартылған дерек жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ақпаратқа сүйенсек, 2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша халық саны 20 159 707 адамды құрады, оның ішінде қала тұрғындары – 12 573 637 адам, ауыл тұрғындары – 7 586 070 адам.
Жарты жылдың ішінде халық саны 125 867 адамға артты, оның ішінде табиғи өсім есебінен 118 579 адамға, көші-қон есебінен 7289 адамға өсті.
Халық санының ең жоғары өсу қарқыны Астана мен Шымкент қалаларында, тиісінше 2,93% бен 1,38%, сондай-ақ Алматы қаласында тіркелді – 1,33%
Дереккөз: Қазақпарат
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
27.10.2026 08:11
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
27.10.2026 09:40
Абай алаңында Республика күніне арналған концерт өтті
26.10.2026 11:31