Жеңімпаз 17 қыркүйекте анықталады
Тез әрі тиімді! Өз тұтынушыларын жыл сайын жағымды жаңалықпен қуантып жүрген «Апорт» молл сауда орталығына бару бұрынғыдан да жеңілдей түсті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Қала тұрғындары мен қонақтары енді әдеттегідей кептелісте тұрып, көп уақыт жоғалтпастан «Сарыарқа» мен «Бауыржан Момышұлы» метро бекеттері және «Алтын орда» маңындағы айналма жол арқылы бар-жоғы 20 минутта жете алады.
«Бауыржан Момышұлы» және «Сарыарқа» метро стансаларының пайдалануға берілгеніне көп уақыт болмаса да, халық оның игілігін көріп келеді. Нәтижесінде Райымбек батыр даңғылы бойында орналасқан «Апорт» молл сауда орталығына келушілер саны еселеп артқан. Мұнда отбасымен бірге көңілді уақыт өткізу үшін бар жағдай жасалған.
«Келушілер үшін сауда орталығы жанында 5 мың автокөлікке арналған автотұрақ бар. Одан бөлек, тұрғындар қоғамдық көлікпен де келе алады. Ойын-сауық орталығы алдында аялдама орналасқан. Біз метро бекеттерінің ашылғанына да қуаныштымыз. Халық оны көп күтті. Нәтижесінде сауда орнына келушілер саны көбейді», – деді «Апорт» молл сауда ойын-сауық орталығының маркетинг және сату бөлімінің директоры Динара Амренова.
Сондай-ақ биыл ірі сауда орнының ашылғанына 13 жыл толды. Мерейлі мерекеге орай ұйымдастырушылар ерекше науқан жасап жатыр. 10 мың теңгеден астам сомаға сауда жасаған адам ұтысқа қатыса алады. Бас жүлде иегері Алматы қаласынан 3 бөлмелі пәтер кілтін иеленеді. Жеңімпаз 17 қыркүйекте анықталады.
«Қазір бізде жеңілдік науқаны басталды. Дүкендер желісі тұтынушылар үшін тауарларын 80 пайызға дейін төмен бағада сатып жатыр. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін бұл үлкен мүмкіндік деп білемін», – деді «Апорт» молл сауда ойын-сауық орталығының маркетинг және сату бөлімінің директоры Динара Амренова.
Айта кетейік, сауда үйінде қазір түрлі шетелдік маркалы өнім сататын 250-ден астам дүкен желісі бар. Тұтынушылар бұл жерден тұрмысқа қажетті заттар мен электронды тауарлардың таңдаулысын, сапалысын таба алады.
Ұлағат Арғын, Салтанат Нұрғалиева, Ялкунжан Әшімжанов, «Алматы» телеарнасы