|
24.02.2023 | 21:22
13548

Алматы облысының тұрғындары қый татитын су ішіп отыр

Жобаға жұмсалуы тиіс қаржы бөлінсе де, құбыр жүргізу жұмыстары 2024 жылға дейін созылады

Алматы облысының тұрғындары қый татитын су ішіп отыр Almaty.tv

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы Ащыбұлақ ауылының тұрғындары қый татитын су ішіп отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Тұрғындардың айтуынша, ауылдағы құбырдың бәрі ескерген. Жиналған көлшіктің бәрі ауыз суға келіп қосылатын көрінеді.

«Су құбырының ауыстырылмағанына 50 жыл толды. Мұнда малдың нәжісі толып қалған», – деді Ащыбұлақ ауылының тұрғыны Нұрлан Билібаев.

Алайда ауыл әкімінің орынбасары судың тезек татитынын жоққа шығарды. Оның айтуынша, бұған дейін тұрғындар шағым айтпаған. Алайда ауылдағы құбыр жүйелерінің ескі екенін мойындады.

«Қазіргі таңда ауылда 446 тұтынушы бар. «Су қый татиды» деген сөз шындыққа жанаспайды. Ал құбырлардың ескі екені рас. Оларды ауыстырамыз», – деді Қазақстан ауылдық округі әкімінің орынбасары Марат Нұрланұлы.

Мәселеміз бастан асады деген мұқым ел, кей көшелерде тіпті су құбырының тартылмағынын тілге тиек етті. Сондықтан күні түні тасып ішуге мәжбүр.  

«Көшенің басында тұрамыз, су жоқ. Кешке дейін есек арбамен отын, су тасимын», – деді Ащыбұлақ ауылының тұрғыны Гүлшархан Әбдіманапқызы.

Сала мамандарының сөзінше Еңбекші қазақ ауданына қарасты Қазақстан, Ащыбұлақ сынды бірнеше елдімекенде су жайы өте өзекті.

«Ащыбұлақ ауылындағы ауыз су құбырлары 1959 жылы салынған. Олар 40 пайыз тозып кеткен. Жергілікті бюджеттен 300 миллион ақша бөлінді, қалған қаражат республикалық бюджеттен биыл қарастырылады. 2 кезең бөліп, құрылыс жұмысын бастаймыз», – деді «Еңбекшіқазақ ауданының тұрғын үй испекциясы бөлімі» ММ басшысының орынбасары Дәурен Мәлібеков.

Жобаға жұмсалуы тиіс қаржы бөлінсе де, құбыр жүргізу жұмыстары 2024 жылға дейін созылады. Өйткені бөлінген ақшаны игеру үшін мердігер мекемеге анықтау қажет.

Әлібек Шынтемір, Жақсылық Тілепперген, «Алматы» телеарансы




Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир