Құрбан айт мерекесі қашан

01.07.2022 02:23

Бас мүфти мейрам қарсаңында мал бағасын негізсіз көтермеуді сұрады

egemen.kz

9 шілде – Құрбан айт мерекесінің бірінші күні. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы еліміздегі барша шаруа қожалық иелерінен ұлық мереке қарсаңында мал бағасын негізсіз көтермеуді сұрады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Сонымен қатар, кәсіпкерлерді тұрғындар күнделікті тұтынатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына мүмкіндігінше жеңілдік жасауға үндеді.

«Һижри жыл санауы бойынша 1443 жылдың зұлхижжа айының басталуы биылғы жылы 30 маусымға бекітілді. Бүгін Зұлхижжа айының бірінші күні. Ал арапа күні 8 шілдеге сәйкес келіп тұр. Ал Құрбан айт мерекесінің бірінші күні 9 шілдегетүспа-тұс келді. Зұлхижжа айының алғашқы он күнінде барынша ықыласпен ғибадат етіп, көбірек ізгі істер мен жақсы амалдар жасауға тырысу қажет», – деді ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.