«Тіл қорғаны» хабары Алматы облысында

Тілдік ахуалды зерделеу мақсатында түсірілім тобы алдымен Қаскелең қаласының орталығында орналасқан сауда үйін аралады.
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Еліміздің «Тіл туралы» заң талаптарын орындамайтын кәсіпкерлерге қатаңдатылған шара қолдану керек. Қаскелең қаласының тіл мамандары мемлекеттік тілдің қолданылу аясын мониторингілеу барысында осындай қорытындыға келді. «Алматы» арнасында әр жұма сайын көрсетілетін «Тіл қорғаны» хабары бұл жолы Алматы облысындағы қазақ тілінің ахуалын зерделеді. Онда қандай заңбұзушылықтар анықталды? Almaty.tv тілшісінің бейнематериалында.

Тілдік ахуалды зерделеу мақсатында түсірілім тобы алдымен Қаскелең қаласының орталығында орналасқан сауда үйін аралады. Кіре берістен өзге тілдерде ілінген жарнамалардан бөлек, қазақшасы қате, аудармасы түсініксіз сөздер кездесті. Мұндағы қызметкерлердің сөзінше, бұл олқылықтың орын алуына басты себеп - аудармашылардың жетіспеуі екен.

Оқиға болған жерден:

- Неге орысша? Барлығы орысша, аудармалары қате.

- Офис бақылайды деп тұрмын ғой мен сізге. Қазір офиспен хабарласып...

- Сіздер сонда өздеріңіз бақыламайсыздар ма? Ойламайсыздар ма осы қате жазылып тұр-ау деп?

- Жоқ, аудармашылар бар, аударады. Осылай аударған.

- Сапасыз аударған ғой, қате-қате.

- Ну, оны қазір разбираться етеміз.

Ең сорақысы, кейбір кәсіпкерлер тілдік заң талаптарын орындауға асықпайтын секілді. Тіл мамандары қате жазылған хабарландыруларды бірден алып тастап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Мына Ресейлік дүкенге кіре берістен тек қана орысша жазылған ақпарларға көзіміз ілікті. Олардың ішінде мына жазуды мұндағы қызметкерлер қазір ғана қазақ тіліне аударып үлгерген секілді. Бірақ, оның өзінде қып-қызыл қателер өріп жүр. Мәселен, «арақашықтық» деген сөзде дефис болмайды. «Бетперде тағыңыз, өзіңіздің қауіпсіздігіңіз үшін» деп жазыпты. Мұнда «қауіпсіздігіңіз» дегенде артық әріп кеткен және «ушін» деп жазып қойған. Онда «ү» әріпі болу керек.

«Бірінші кезекте көзге түсіп тұрған оспадар қателік,  олардың барлығы сол жауапкершіліксіз, қате аударма, сол техникалық аударма тіліне мән берген. Шындығында, егер сол аудармаларды дұрыстап жөндейтін болсақ, біз стилисикалық сауатты, грамматикалық қателерден ада, әдемі жарнамаларды адамдардың назарына ұсынатын едік», – деді тіл жанашыры Айсұлу Қасымбет.

Сондай-ақ, түсірілім тобы Қаскелең қаласындағы өзге де мекемелерді аралап, мемлекеттік тілдің ахуалына баға берді. Тіл мамандары мен қала тұрғындарының пікірі де назардан тыс қалмаған. Бағдарлама әр жұма күні эфирге шығады.

Аяулым Көлжігіт, «Алматы» арнасы

Новости партнеров