Қант тапшылығы жоқ - Әлішер Өмірзақ

13.03.2022 02:24
productcenter.ru

Қазақстанда қант тапшылығы жоқ. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрлігінің ресми өкілі Әлішер Өмірзақ мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv

"Кеше АШМ және СИМ хабарлағандай, бүгінгі күні елде қант тапшылығы жоқ. Сауда желілері мен тұрақтандыру қорларында бұл әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының қоры кемі үш айға жеткілікті. Сонымен қатар қант өндірісі жалғасып жатыр, тоқтамайды! Қор толтырылып отырады. Яғни «үш айдан кейін қор таусылады, қант тапшылығы болады» - деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Елдегі қант өндірісінен бөлек, өзге елдерден импорттау мүмкіндігі бар. Сондықтан ажиотажға ерік бермеуге шақырамыз" - Әлішер Өмірзақ, ҚР Сауда және интеграция министрлігінің ресми өкілі.  



Теги: сахар