|
25.01.2022 | 21:37
3583

Алматының ТЖД бюджетін қайта қарау қажет – мәслихат депутаттары

Лаңкестер 18 өрт сөндіру көлігін зақымдаған, оның 5-еуі жөндеуге келмейді

Алматының ТЖД бюджетін қайта қарау қажет – мәслихат депутаттары

Материалдық-техникалық құралдардың орнын толтыру үшін Төтенше жағдайлар департаментінің бюджетін қайта қарау қажет. Алматыдағы өрт сөндіру бөліміне барған қалалық мәслихат депутаттары осылай деді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Олар  төтенше жағдай департаментінің өртенген көліктерін және тәртіпсіздік барысында басқа да бүлінген мүлікті қарап шықты.

Естеріңізге сала кетейік, қаңтар оқиғасы кезінде лаңкестер 18 өрт сөндіру көлігін зақымдаған, оның 5-еуі жөндеуге келмейді.

«Бұл жұмыс тез арада шешіледі деп ойлаймын. Қаражат жағы да қаралады. Міне, не болғанын өздеріңіз көрдіңіздер. Қайта қалпына келтіруге мүлдем жарамайды. Жаңасын сатып алу керек. Бұлар өткен жылы шығарылған жаңа техникалар болатын», ‑ деді қалалық мәслихатының депутаты Әлібек Шәпенов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир