|
25.01.2022 | 21:52
7101

Алматыда 7 адам тергеу изоляторынан босатылды

Күдікті деп саналған тағы 4 адам ауруханадан бірден үйіне жіберіледі

Алматыда 7 адам тергеу изоляторынан босатылды иллюстрированное фото: riabir.ru

Қаңтар оқиғасы кезінде бейбіт шеруге шыққан 7 адам тергеу изоляторынан босап шықты. Олар Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде террористермен бірге жауап алу үшін темір торға қамалған болатын. Енді олар әзірге үйқамаққа жіберілді. Оған қоса, тағы күдікті деп саналған 4 адам ауруханадан бірден үйіне жіберіледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.


Баспасөз қызметкерлеріне арналған брифингте сөз сһйлеген адвокат Абзал Құспанның айтуынша, Алматы изоляторына қамалған адамдардың саны қазір 250-ден асады. Қазір олардың жетеуі арнайы қолхатпен үйқамаққа жіберілді. Олардың айтуынша, терроризмге, дүкендерді тонауға ешқандай қатысы жоқ. Тәртіпсіздік кезінде олар жараланып ауруханаға жеткізілген. Кейіннен олардан жауап алу үшін Түрксіб ауданындағы 155/18 тергеу изоляторына қамалған.

«Аллаға рақмет айтамын. Осы үшін зор алғыс айтамын», - дейді Саят Әділбекұлы.

Абзал Құспанов қаңтардағы қақтығыс кезінде жазықсыз жапа шеккендерге көмектесу үшін «Аманат» қорын құрған. Жұмысты кеше бастапты. Нәтижесінде бүгін 7 адам босап шықты.

Елімізде қаңтар оқиғасын зерттейтін қоғамдық комиссиялар қатарында үнемі даулы мәселелердің бас қасында жүретін Айман Омарова да бар. Заң саласында 20 жылдан астам тәжірбиесі бар Айман Омарова тәуелсіз комиссия құру туралы бастаманы өзі көтергенін айтады. Құрамына белгілі құқық қорғаушылар, қылмыстық іс жүргізу құқығы бойынша маманданған заңгерлер кірді екен. Комиссия жетекшісінің айтуынша, бүгінде орталыққа тұрғындар тарапынан келіп-түсіп жатқан арыз шағымдар көп. Дені батыс өңірі мен Алматының тұрғындарынан түскен. Олар Қаңтар оқиғасы кезінде жазықсыз зәбір көргендерін айтып шағымдануда. Араларында бейбіт митингке шығамын деп, террористермен бірге түрмеге жазықсыз қамалғандардың туыстары да бар екен.

Ұлағат Арғын, «Алматы» телеарнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир