Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары бүгін үкіметтің кеңейтілген отырысынан кейін кулуарда айтты
Бүгін үкіметтің кеңейтілген отырысынан кейін кулуарда журналистерге жауап берген Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр осылай деп жеткізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. Айта кетейік, осыдан бірер күн бұрын арнамыздан билеттерінің құнын қайтара алмай жүрген жолаушылар шағымы жайлы бейнематериал өткен болатын.
«Компания ақшаны қайтаруға міндетті, бұл – азаматтық-құқықтық қарым-қатынас. Сондықтан компания ақшаны қайтаруы қажет. Мәселені шешуі керек, тіпті сол үшін қандай да бір мүлік сатса да, несие алса да, билеттердің ақшасын қайтаруға міндетті», - деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман СКЛЯР.
Айта кетейік, 27-желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға шыққан Bek Air ұшағы, әуежайдан ұшып шыққан бетте құлаған болатын. Бортта 95 жолаушы және экипаждың бес мүшесі болған. Апат салдарынан 12 адам опат болды.