Қазақстанда Спорттық бағдарламалау федерациясын құрылды

13.01.2023 02:28

Оны Бағдат Мусин басқарады

Фото: gov.kz

Қазақстанда Спорттық бағдарламалау федерациясын құрылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Былтыр біз Digital Nomads қауымдастығын жинағанымыз естеріңізде болар. Осы уақыт ішінде біз Digital Nomads өкілдерімен бірге Қазақстандық оқушылар мен студенттерге арнап, тұрақты дәрістерді ұйымдастырдық, сондай-ақ спорттық бағдарламалауды қолдау бойынша жұмыстар жүргіздік. Мен елімізде өзіміздің спорттық бағдарламалау федерациясының құрылғанын қуана хабарлағым келіп отыр, ал маған оған жетекшілік ету мәртебесі бұйырды», - деп жазды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Facebook-тегі парақшасында.

Бағдат Мусиннің айтуынша, жасөспірімдер математикалық алгоритмдік есептерді бағдарламалау тілін қолдана отырып шешеді.

«Мұнда жасөспірімдер математикалық алгоритмдік есептерді бағдарламалау тілдерін қолдана отырып шешеді. Қазақстандық оқушылар мен студенттер IOI және ICPC сияқты халықаралық жарыстарға тұрақты түрде қатысып, жоғары нәтижелерге қол жеткізуде.

Федерацияны құра отырып, біз халық арасында спорттық бағдарламалауды дамыту мен насихаттау жұмыстарын жүргізуді, сондай-ақ осы бағытта түрлі жарыстарға қатысатын жастарымыздың нәтижелерін одан әрі жақсартуды жоспарлап отырмыз. Атап айтқанда, Федерация ұлттық және халықаралық деңгейде іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады, білім беру мекемелерінде экожүйені дамытады және спорттық бағдарламашыларды даярлау әдістемесін әзірлейді», - дейді Бағдат Мусин.