«Оңтүстік Астана» Телерадиокомпаниясы» АҚ-ның «AlmatyTV» телеарнасында 2020 жылғы 12 тамыздағы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауға қатысатын кандидаттарға эфирлік уақыт берудің жалпы шарттары
«Оңтүстік Астана» ТРК” АҚ - «AlmatyTV» телеарнасының меншік иесі (бұдан әрі - Телеарна) Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Конституциялық заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 11 маусымдағы №351 “Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын 2020 жылғы 12 тамызға белгілеу туралы” жарлығымен тағайындалған, 2020 жылғы 12 тамыздағы сайлауға қатысатын Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттығына үміткерлерді (бұдан әрі - Үміткер) Телеарнаның эфирлік уақытын сайлау алдындағы үгіт материалдарын (бұдан әрі – үгіт материалдары) орналастыру үшін эфирлік уақытты беру ақысының төлемінің көлемі, шарттары мен тәртібі туралы хабарлайды.
Сайлау алдындағы үгіт Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына үміткерлерді тіркеу мерзімі аяқталған кезден басталады және сайлау күнінің алдындағы күннің жергілікті уақыты бойынша нөл сағатта аяқталады. Осылайша, телеарнада үгіт материалдарын орналастыру 2020 жылғы 23 шілдеде жергілікті уақытпен сағат он сегізден кейін жүзеге асырылады және 2020 жылғы 11 тамыздың нөл сағатында аяқталады.
Телеарна эфирлік уақытты Телеарнаның меншік иесі мен Үміткер немесе кандидаттың уәкілетті өкілінің арасында Телеарна бекіткен монтаждық беттерге сәйкес жасалған жазбаша келісім-шарт негізінде ұсынады. Бұл орайда монтаждық беттер Телеарнаның иелігіндегі жазбаша өтініш берілген сәттегі техникалық мүмкіндіктерге сәйкес, яғни телеарнаның эфирлік уақытының болжамды уақыт интервалында жарнаманың болуы және / болмауына орай, үгіт материалдарының эфирге шығуы жоспарланған күніне дейін 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде жасалады.
Телеарнада үгіттік материалдар беру ісі қазақ және орыс тілдерінде хронометражы 60 (алпыс) секундтан аспайтын хронометражға ие бейнероликтерді орналастыру жолымен жүзеге асырылады.
Эфирлік уақытты беру туралы шарт жасауға Үміткердің немесе оның уәкілетті өкілінің Телеарнаның меншік иесі басшысының атына жазбаша өтініші негіз болып табылады.
Үгіт материалдардың саны, хрононметражы мен болжамды күні эфирге орналастыру уақыты кандидаттың не оның уәкілетті өкілінің жазбаша өтінішінде көрсетіледі, олар кейін шартта көрсетіледі.
Өтініш әрбір жазбаша өтінішке реттік нөмір беру және өтініштің келіп түскен күні арқылы кандидаттардың өтініштерін тіркеу журналында кезектілік тәртібімен тіркеледі.
Жазбаша өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуі тиіс:
1) Үміткердің тіркелуін растайтын құжаттың көшірмесі;
2) Үміткер өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі;
3) өтініш беруші тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі;
4) шарт жасасу үшін тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттар. Үміткерлердің үгіт материалдарын Телеарнаның эфирінде орналастыру кезектілігі жазбаша өтініштердің түсу тәртібіне қарай немесе егер өтініштер бір мезгілде түскен болса, жеребе тарту арқылы белгіленеді. Жеребе тартуға үгіттік материалдарды орналастыру кезектілігіне дау айтушы Үміткерлердің уәкілетті өкілдері және даудың тәуелсіз тарабы ретінде телеарнаның өкілі қатысады.
Әр уәкілетті тұлғаға материалдың орналасу кезектілі көрсетілген жазба салынған ауызы бекітілген бір хат тысты таңдап алу ұсынылады. Конверттердің саны дауға қатысушылардың санына тең болады. Жеребе тарту аяқталғаннан кейін дауға қатысушылар және Телеарна өкілі жеребе тарту хаттамасына қол қояды.
Жеребе тартту нәтижелері (хаттама көшірмесі) тиісті сайлау комиссиясына ұсынылады. Егер жазбаша өтініш түскен сәтке дейін сұралған уақыт одан бұрын жүгінген басқа Үміткерге берілгендей болса немесе техникалық мүмкіндіктерге байланысты беріле алмайтын болса, телеарна Үміткерге техникалық мүмкіндіктерді ескере отырып үгіт материалдарын орналастыру үшін басқа уақыт ұсынады. Үгіт материалдары Телеарнаға эфирге болжамды шыққан күніне дейін 3 (үш) күнтізбелік күн бұрын мына форматтарда ұсынылады: XDCAMHDLP, Formatcontainer: MXF, Formatprofile:OP-la,Formatsetting:Closed/Complete,VideoFormat:MPEGVideo,Formatversion:Version 2. Formatprofile:Main@High, Bit rate mode: Variable, Bit rate: 17.5 Mbps, Width: 1 440 pixels, Height: 1 080 pixels, Display aspect ratio: 16:9, Frame, rate: 25.000 fps,Standart: Component, Color space: YUV, Chroma subsampling: 4: 2: 0, Bit depth: 8 bits, Scan type: Interlaced, Scan Order: Top Field First. Audio: Format: PCM,Bit rate mode: Constant,Bit rate: 768 Kbps, Channel (s): 2 channel, Sampling rate: 48.0 KHz, Bit depth: 16 bits, Audio level - 18Dbfs.
Ақпаратты тасымалдаушы DVD оптикалық дискісі, кез-келген USB флэш жинақтағыш және/немесе USB-ге қосылған сыртқы қатқыл диск бола алады.
Үгіт материалдарында олардың төлемі жөнінде, қаржыландыру көздері туралы, ақпарат берген адамның аты-жөні туралы дыбыстық немесе көрнекі ақпарат болуы тиіс.
Үгіт материалдарын ұсынған үміткерлер олардың мазмұнының Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы заңнама талаптарына сәйкестігі үшін дербес жауап береді.
Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген шарттар мен тәртіп бұзылған жағдайда, сондай-ақ тиісті шарттың талаптары бұзылған жағдайда үгіт материалдары эфирге орналастырылмайды не бұзушылық жойылғанға дейін тоқтатыла тұрады.
Телеарнаның меншік иесі үгіт материалдары егер онда конституциялық құқықты күштеп өзгерту, оның республиканың тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты тұтандыру, қатыгездік пен зорлық-зомбылықпен күш көрсету идеялары болатын болса, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскерилендірілген құрамалар құру идеяларынан тұратын болса, Телеарна иесі үгіт материалдарын жариялаудан бас тартады. Телеарнаның меншік иесі оларда басқа Үміткерлердің арына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік абыройына нұқсан келтіретін ақпарат болған жағдайда оларды эфирге шығарудан бас тартуға құқылы. Үміткер Телеарна меншік иесінің талап етуі бойынша бейнематериалдарды жоғарыда аталған сипаттағы ақпараттың бар екендігін растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті. Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген эфирлік уақыт беру шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарының талаптарына сәйкес түзетілуі мүмкін.
Үгіт материалдарын орналастыру құны бір минут бойынша ҚҚС есебімен 86 000 теңгені құрайды. Орналастыру құнына Телеарнаның барлық қол жетімді хабар тарату аймақтарындағы трансляциясы мен ретрансляциясы (эфирлік, аналогтық, эфирлік цифрлық, спутниктік, сондай-ақ Интернеттегі кабельдік операторлар мен онлайн-таратылымдар арқылы) кіреді.
Телеарнада үгіт материалдарын орналастыруға жасалған келісімшарт бойынша төлем Телеарна төлеу үшін берген шот-фактура негізінде ол шот-фактура ұсынылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.