Жұмыс істейтін жастар үшін жалға берілетін тұрғын үйге құжат қабылдау басталды

07.01.2020 02:29

Бір ғана Алатау ауданы бойынша 255 пәтер берілмек

Өтініштерді қабылдау 2020 жылдың 5 қаңтарынан бастап 20 қаңтарына дейін жалғасады. Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйлерден, тек Алатау ауданы бойынша 255 пәтер беріледі деп жоспарлануда, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Құжаттарды almaty-jastary.kz сайтына электронды цифрлы қолтаңба арқылы өткізуге болады. Ең басты талап өтініш беруші 29 жасқа толмаған және жұмыс істейтін болуы шарт. Сонымен қатар, Алматыда кемі 2 жыл тұрақты тіркеуде болу керек және атында 2 жылдан астам тұрғын үй болмауы тиіс.