Бүкіл ел тілеуіңізді тілеп отыр

Akorda.kz
Akorda.kz
Қанша қауіпті болса да, пандемия да шегінер
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Тұңғыш Президенттің денсаулығына алаңдаған және тезірек сауығып кетуін тілеген азаматтардың қарасы көп. Олардың қатарында жақын және алыс шетелден хабарласқандар да бар, деп хабарлайды Almaty.tv.

ҚХА мүшесі, қалалық мәслихаттың депутаты Болат Оспанов та Тұңғыш президенттің тезірек сауығып кетуін тілеп, басқа түскен қиындықты ел болып бірге еңсеруге шақырды.

«Ауру айтып келмейді. Кімге жұғатынын да таңдамайды. Міне, қауіпті індет Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты да айналып өтпеді. Тұңғыш Президентіміздің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін. Денсаулығының жақсы болып, халыққа қалтқысыз қызмет ете беруін тілеймін. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев әлі де бойында күш-қуаты мол азамат қой. Бүкіл ел тілеуіңізді тілеп отыр. Жалпы еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын. Күллі әлемді жайлаған қауіпті вирус елімізді де әбігерге салды. Жұқтырғандар саны күн санап артып жатыр. Басқа түскен қиындықты ел болып бірге еңсерейік. Қанша қауіпті болса да, пандемия да шегінер. Бірақ оған, әрине, уақыт пен сабыр керек», – деді ҚХА мүшесі, қалалық мәслихаттың депутаты Болат Оспанов.

Новости партнеров