Жерге түкірген Ерлан Саиров айыппұл төледі

Әлеуметтік парақшасынан алынды
Әлеуметтік парақшасынан алынды
Бұл туралы Мәжіліс депутаты әлеуметтік парақшасында жазды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров қазақстандық телеарналардың бірінің тікелей эфирінде сөйлеп тұрып, жерге түкіргені үшін айыппұл төледі, деп хабарлайды Almaty.tv 

Бұл туралы Мәжіліс депутаты әлеуметтік парақшасында жазды:

"Құрметті достар!

Біз құқықтық мемлекетте өмір сүреміз.

Әр- бір азамат өзінің істегені үшін жауап беруі қажет.

Мен кешегі арнадағы "түкірік" үшін айыппұл төледім.

Заң алдында барлық азаматтар тең болуы керек.

Бұл аксиома!

Сонда ғана әділетті қоғам құрамыз!

Басқа да азаматтар заң алдында өз жауапкершілітерін сезінуі қажет.

Әсіресе, халықтың игілігін жымқырып қойған олигархтар мен алпауыттар.

Олардың жауапкершілігін біз көздеріне "шоқшитып" көрсетуіміз қажет!

Әр- бір адам өзгерісті өзінен бастауы тиіс.

Әр- қайсымыз өзгерсек, мемлекетті өзгертеміз!

Мені қолданған азаматтарға көп Рахмет!

Мені сынға алған азаматтарға да ырзашылығымды білдіремін!

Біз Біргеміз!"

Айта кетейік, Мәжіліс депутаты телеарнаның тікелей эфиріне қосылып, Екібастұз қаласындағы апатқа қатысты жағдайды жеткізу кезінде жерге түкіріп жіберген.

Осы мәселеге қатысты Е.Саиров әлеуметтік желідегі парақшасында түсінік берген еді.

«Біріншіден, қауымнан, егер қолайсыз жағдайға қалдырсам, кешірім сұраймын.

Екіншіден, кеше кешке Екібастұзда өте аяз болды, далада тұрғандықтан осындай жағдай болды.

Далада төрт-бес сағат жүрдік, ТЭЦ-қа бардық, сол кезде тамағым құрғап кеткен болуы керек.

Біз қоғам алдында әрбір қадамымыз үшін жауап беріп, азаматтарға жүріс- тұрысымызды түсіндіріп отыруымыз қажет деп есептеймін.

Тағы да қолайсыздық үшін кешірім сұраймын!

Мен ел алдында әрқашан ашық болуға тырысамын», - деп жазды депутат.

Новости партнеров