Сағат 19:00-дегі жағдай бойынша Қазақстанның бес өңірінде ауа температурасының төмендеуіне байланысты жол қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасының төмендеуіне байланысты (-32ºС) рейстік жолаушылар автобусы мен дизельдік отынмен жүретін автокөліктер үшін шектеу енгізілді.
Абай облысында ауа температурасының төмендеуіне байланысты (-32ºС) рейстік жолаушылар автобусы мен дизельдік отынмен жүретін автокөліктер үшін жол қозғалысы шектелді.
Жетісу облысында ауа температурасының төмендеуіне байланысты «Алматы-Өскемен» тас жолының 558-615 шақырымында Үшарал қаласынан Абай облысының шекарасына дейінгі учаскесінде рейстік жолаушылар автобусы мен дизельдік отынмен жүретін автокөліктер үшін жол жабылды.
Павлодар облысында Абай облысында ауа температурасының төмендеуіне байланысты «Омбы-Майқапшағай» тасжолының 426-587 шақырымында Павлодар қаласынан Абай облысының шекарасына дейінгі учаскесінде рейстік жолаушылар автобусы мен дизельдік отынмен жүретін автокөліктерге жолға шығуға тыйым салынды.
Қарағанды облысында «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» тасжолының 249-320 шақырымында Бүркітті кентінен Абай облысы ауданының шекарасына дейінгі аумақта рейстік жолаушылар автобусы мен дизельдік отынмен жүретін автокөліктер үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.