2 жасар Нұртастың өмірін құтқару үшін 1 миллиард теңге қажет. Талдықорғанда жұлын бұлшықетінің атрофиясы дертіне, яғни генетикалық ауруға шалдыққан баланың ата-анасы халықтан көмек сұрайды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Дерт салдарынан кішкентай Нұртас жүрмек түгілі, еңбектей де алмайды екен. Ата-анасы өз бетінше ем іздеп, дерттің дауасын Ресейден тапқан. Онда балаға америкалық препарат салынады. Ақ халаттылар ем-домнан соң бала аяғына тұрады деп уәде берген. Бүгінде жанұя қолда бардың бәрін сатқанмен қажетті қаражаттың тек 12 миллионын жинаған. Ал, ауру асқынған сайын ағзадағы маңызды мүшелерді зақымдап, оларды істен шығарады екен. Нұртастың еміне қол үшін созамын деген жандар үшін есепшоттар экранда көрсетілген.
«Негізі көп жерде 2 жасқа дейін алынады бұл препарат. Бірақ қазір Еуразиялық одақтың протоколы бойынша 13,5 килограммға дейін біз үлгеруіміз керекпіз. Қазір Нұртас баламның салмағы нақты 11 де 400 килограмм. Сол үлгерсек деп отырмыз енді. Аман алып қалғымыз келеді. Сол үшін де халықтың көмегіне жүгінеміз», – деді Нұртастың анасы Гаухар Рақымқызы.
KASPI GOLD: 87714078208 Ербол А.
87714056478 Гаухар К.