Қала бойынша 200 азаматты қабылдау жоспарланған
Әскери жиынға шақырылған азаматтарға жалақы төленеді. Бұл туралы қалалық Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшысы Амантай Өсербеав айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Әскери жиынға 60 жасқа дейінгі, денсаулығы жарамды, әскери атағы бар азаматтар тартылады. Қала бойынша 200 азаматты қабылдау жоспарланған. Қазіргі таңда өз еркімен барғысы келетіндердің саны көп. Бүгінде 300-ден астам өтініш келіп түсті. Оның ішінен әлі де белгілі талаптарға сай үміткерлер іріктеліп алынады. Әскери жиын уақыты шамамен 1 ай. Олар киімдермен, күнделікті үйлеріне барып келу жолақы және тағаммен толық қамтамассыз етіледі. Еске сала кетейік, ел Президенті төтенше жағдай кезінде әскери атағы бар азаматтарды арнаулы жиындарға шақыру жөнінде қаулы қабылдаған болатын. Басты мақсат – ең алдымен халқымыздың қауіпсіздігі мен денсаулығын қорғау.
«Арнайы жиынға шақырылған азамттардың сол жиын уақытында жұмыс орны және лауазымы сақталады. Жұмыс істейтін азаматтарға орташа көлемдегі, ал жұмыс істемейтін азаматтарға төменгі айлық төленеді», – деді қалалық Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшысы Амантай ӨСЕРБАЕВ.