Алматы қаласында мұқтаж жандарға көмек көрсету бойынша қалалық еріктілер штабының жұмысы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Штаб Абылай хан көшесі, 79 және Байтұрсынов көшесі, 22/1 мекенжайлары бойынша жұмыс істейді.
Штаб базасында көмек көрсетуге дайын және көмекке мұқтаж барлық қала тұрғындары жүгіне алатын жедел желі телефондары: +7 (727) 279 13 29, +7 (727) 225 49 01, +7 (705) 213 00 77 іске қосылды. Штаб күн сайын сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істейді.
Волонтерлер штабында мынадай бағыттар бойынша консультациялық, психологиялық, заңдық, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары және шұғыл желі телефонына келіп түскен өтініштер бойынша волонтерлік көмек көрсетілетін болады.
Штаб жұмысына тәжірибелі волонтерлер мен қаланың ірі волонтерлік ұйымдары жұмылдырылды (Жастар ресурстық орталығы, «Қазақстан Волонтерлер лигасы» ҚҚ, «Жас Отан» ЖҚ, Алматы мейірімділік клубы, Lider.kz және тағы басқалар).
Демеушілік көмек көрсету мәселелері бойынша келесі нөмірлерге хабарласуға болады:
+7 747 540 01 40 - Бағдат,
+7 707 438 77 33 - Нұрсұлтан.