Алматыда тұрғын үй сатып алуға ұсынылмайтын ТК тізімі толықты

30.03.2023 02:34

Учаскеде құрылыс жүргізілмейді

Иллюстративное фото taunews.kz

Алматының қала құрылысын бақылау басқармасының ақпараты бойынша интернет-ресурстарда DEMEU Residence ТК-де, құрылыс салушы-Demeu Development-те пәтерлерді сату туралы хабарландырулар жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алайда, меншік иесі құрылысқа рұқсат құжаттарын алған жоқ. Сонымен қатар, Горный Гигант уч.192 өндірістік кооперативінде орналасқан жер учаскесінің мақсатты  бағыты жеке қосалқы шаруашылық жүргізу болып табылады. Учаскеде құрылыс жүргізілмейді, алайда хабарландыруға сәйкес тұрғын үй кешенін ағымдағы жылдың IV тоқсанында тапсыру жоспарлануда.

Қала тұрғындарын абай болуға және жылжымайтын мүлікті сатып алмас бұрын Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы жедел желісінің +7 (727) 229-81-36 нөмірі бойынша салынып жатқан ТК құжаттардың толық пакетін тексеруге шақырамыз.