Алматы облысында 83 жастағы ақсақал бизнес бастамақшы

Алматы облысында 83 жастағы ақсақал бизнес бастамақшы
Ақсақалдың 6 баласы және 30 немересі мен бірнеше шөбересі бар
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Сейіткер Медеубаев «Бизнес Бастау» бағдарламасы аясында кәсіпкерлік курстарға жазылған. Қолданбалы өнермен айналысатын Сейіткер атаны туған ауылы Қырғауылдыда он саусағынан өнер тамған шебер деп таниды. Енді кәсіпкер ақсақал сүйікті ісімен айналысу арқылы қомақты қаржы табуды да армандап отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Жүрегінен шыққан бұл өлең жолдарын Сейіткер Медеубаев өзін әрқашан қолдайтын сүйікті жарына арнайды. Жақсы істі бастауда адам жасы маңызды емес дейді ақсақал. Сондықтан, өз қолымен ер тоқым мен ағаштан қазақи нақыштағы ыдыс-аяқтарды жасап, бос уақытын тиімді пайдалануға да тырысады. Интернет желісіндегі «Бизнес Бастау» бағдарламасының веб-сайтына кездейсоқ кіруі арқылы шеберде өз кәсібін дөңгелету идеясы туындайды. Жобаның мүмкіндік аясы көп екенін байқаған Сейіткер ата сол сәтте жеке бизнесін ашуға бел буған.

«Ол жерде бизнесті қалай бастауға болады, интернетті қалай пайдалануға болады, соны үйретеді. 50 мың теңгең болса, жарнама жасайсың да, миллиондап ақша табуға болады», – деді зейнеткер Сейіткер МЕДЕУБАЕВ.

Болашақ кәсіпкер поэзияны да ерекше жақсы көреді. Ол өзінің жақындары мен қазақ тілінің өзекті тақырыптарына арналған өлеңдер жинағын да шығарып үлгерген. «Жеті қырлы, бір сырлы» Сейіткер ата  ауласындағы шағын бақшасын баптап, үй шаруа қожалығымен де айналысады. Аптасына 4 рет өткізілетін аталмыш кәсіптік курсқа қалмай қатысып келеді.

«Мен күндіз-түні сонда жүрмін. Сағат 8-ден кешкі 8-ге дейін 12 сағат сабақ жүреді. Ал, мен тегі қандай сабағы болса да барлығына жүгіріп бара беремін. Ақпарат алуым керек қой», – дейді  – деді зейнеткер Сейіткер МЕДЕУБАЕВ.

Ақсақалдың 6 баласы және 30 немересі мен бірнеше шөбересі бар. Бір әулеттің тірегі болған Сейіткер Медеубаев екі айлық курсты аяқтаған соң интернет-маркетолог болып, өз кәсібін дамытқысы келетінін алға тартады.

Аяулым Көлжігіт, Рамина Мирзалимова, «Алматы» телеарнасы

Новости партнеров