Сондай-ақ, бұрын қағаз жүзінде сақталған барлық құжаттар енді электронды форматқа ауыстырылды
Алматылықтар үшін тағы бір жағымды жаңалық. Қаладағы электр тарату тораптарындағы барлық диспетчерлік орталықтар автоматтандырылған жүйемен жабдықталды. Онда ұжымдық бейнелеу жүйелері орнатылып, бағдарламалық қамтамасыз ету серверлері қойылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Аталған жұмыс бірінші кезекте электр тораптық кешенді басқаруды тұрақты жетілдіруге және тұтынушыларды сенімді және үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз етуге бағытталған. Сондай-ақ, бұрын қағаз жүзінде сақталған барлық құжаттар енді электронды форматқа ауыстырылды. Мұнда барлық ақпарат сақталып, тіркеледі. Бұл жүйемен жұмыс істеген өте ыңғайлы дейді мамандар.
«Бүгін қала тұрғындары үшін игі шара орын алды. Бұл диспетчерлік орталықтар қала бойынша жағдайды көріп, реттеп отырады. Қай жерде төтенше жағдай орын алып жатыр, соның бәрін көре алады. Мұндағы бағдарлама арқылы, яғни телемеханиканы шкафтарын орнату арқылы онлайн режимде осында хабар келіп түседі. Қалада 7 диспетчерлік пункт бар болса, соның 6-ы қайта өңделіп жасалды. Ал біреуі онсыз да су жаңа», - деді ЖШС директоры Асқар ҚҰСПАНОВ.