Алматыда дезинфекциялық жұмыстар карантин аяқталғанға дейін үздіксіз жүргізіледі

29.05.2020 в 02:41

Қала бойынша дезинфекция жұмыстарының 19-кезеңі басталды

Бүгін қала бойынша дезинфекция жұмыстарының 19-кезеңі басталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Күніне 3 мыңға жуық тұрғын үй мен мың жарымға жуық аулалар залалсыздандырылады. 447 дезинфектор маман қауіпті вирустың таралуын тоқтату үшін күн-түн демей еңбек етіп жатыр. Жұмыстар басқа да аудандарда белсенді жалғасуда. Мәселен, Алмалы ауданында барлығы 1374 тұрғын үй бар. Бұл үйлердің бәріне бір аптада екі рет тазарту жұмыстары жүргізіледі. Ал, қауіпті ошақ саналатын 7 нысан бар. Оның біреуі қонақ үй.

«Біз күніне  40 подъезге  дезинфекция жасаймыз. Бір топта 5 дезинфектор маман бар. Ал бүгінгі таңда жалпы Алмалы ауданы бойынша 12 топ  жұмыс істеп жатыр. Дезинфекциялық жұмыстар карантин уақыты аяқталғанға дейін үздіксіз жүргізілетін болады», – деді  Алмалы ауданы дезинфекция жұмыстарының жетекшісі Аида САУЫРОВА.