Елімізде алғаш рет ұзақ мерзімдегі күтім жөнінде «Қолдау» орталығы ашылды

23.09.2021 в 02:41

Мекеменің мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандар мен ауыр науқастарға күтетін адамдарды демеу

Елімізде алғаш рет ұзақ мерзімдегі күтім жөнінде «Қолдау» орталығы ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Мекеменің негізгі мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандар мен ауыр науқастарға және қарттарға қарайласатын адамдарды демеу.

Мамандардың айтуынша, мұндай жағдайға тап болғандар өзін қалай ұстап, күтімді қалай ұйымдастыру керек екенін білмейді. Сол үшін қамқор жандарға арналған арнайы семинарлар өтпек.

Айта кетейік, мұндай кеңес беру және оқыту орталықтары Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы және Еуропа елдерінде жұмыс істеп тұр.  

«Нұр Отан партиясының қолдауымен ашылып отыр. Бұл негізі, әлемдік тәжірибе. Сол тәжірибені Алматы қаласын әкелген серіктестерімізге үлкен алғысымызды білдіреміз», - деді қалалық Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мейіржан Отыншиев.