ҚР ҰҒА академигі, абайтанушы Ғарифолла ЕСІМ мақалаға қатысты пікір білдірді
Бүгін «Егемен Қазақстан» газетінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы жарияланды.Осыған орай, ұлт зиялылары өз пікірлерін білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Ал енді осы біздің қоғамда өсек, өтірік пен мақтаншақтық азайды ма, қалай болып жатыр? Сондықтан Абай деген кезде тек әншейін ол кісінің өлеңін жаттап алып қана айту емес, ол кісі туралы бір конференцияда бір баяндама жасап шығару емес. Ол кісі туралы бір жерде сөз сөйлеп шығу емес. Тіптен ол кісі арқылы өзіңді көрсету емес өзіңді өзгеге көрсету керек кезде Абай сізге қандай қызмет етіп тұр?!», - деді ҚР ҰҒА академигі, абайтанушы Ғарифолла ЕСІМ.