Алматыда көпбалалы отбасыларға пәтердің кілті табысталды (ВИДЕО)

Бүгінде Алматыдағы көпбалалы отбасыларға арналған ықшам ауданында 88 пәтерден тұратын 7 үй салынып жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда әл-ауқаты төмен және көпбалалы отбасыларға пәтердің кілті табысталуда. Аталған көмек кәсіпкерлердің тарапынан іске асып жатыр. Жоба жағдайы төмен отбасыларды баспанамен қамтамасыз етіп қана қоймай, өмірлерін біршама жеңілдетуге тырысады, деп хабарлайды atameken.business.

Бүгінде Алматыдағы көпбалалы отбасыларға арналған ықшам ауданында 88 пәтерден тұратын 7 үй салынып жатыр. Дәл қазір 33 пәтерге жағдайы төмен отбасылар кіріп үлгерген.

«Алғашқыда идеямызды Тимур Асқарұлы қолдағанда ерекше көңіл күйде болдық. Жағдайы нашар отбасыларға қажетті заттарын алып беру бір бөлек, ал оларға үй салып беру бір бөлек. Біз бұл жобаны іске асыруға тек кәсіптің қолдауы көмектесетінін түсіндік», - дейді «Береке» қоғамдық қорының жетекшісі Бағдаш Сүлеменов.

Сондай-ақ, үйдің жанынан 120 балаға арналған балабақша да ашылды. Бұл ата-аналардың еркін жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

Новости партнеров