«TikTok-тың» қазақ тіліндегі нұсқасы - ана тіліміздің әлемдік деңгейде сұранысқа ие екенін мойындатып отыр

18.01.2023 02:43
Facebook парақшасынан алынды

«TikTok» компаниясы әлеуметтік желідегі қосымшасының қазақ тіліне аударылғаны туралы ақпаратты жариялады. Бұл шынында да қуанышты жаңалық.

Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Қазіргі уақытта елімізде қазақ тілді қолданушылар санының өсіп келе жатқанын атап өтті. Танымал қосымшаның мемлекеттік тілге көшуі қолданушылар үшін ыңғайлы болып қана қоймай, ана тіліміздің әлемдік деңгейде сұранысқа ие екенін мойындатып отыр.

Өткен жылы Digital Bridge форумы аясында «TikTok» компаниясының басшылығымен кездесіп, екіжақты ынтымақтастық мәселесін талқылаған болатынбыз. Осының негізінде Astana Hub пен TikTok арасында арнайы Меморандум бекітіліп, оның нәтижесінде қазақстандық стартаптар үшін эксклюзивті білім беру бағдарламасы — TikTok StartUp Academy жобасы іске қосылды.

Жоба аясында қазақстандық стартаптар үшін оқыту курстары өткізіліп жатыр", - деді министр.