Алматыда көркем фильмнің түсірілуіне орай кей көше уақытша жабылады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Көркем фильмнің түсірілуіне орай қала көшелерінің белгілі бір учаскелері уақытша жабылады:
- 15 қаңтар күні сағат 10-нан 14.00-ге дейін – Жібек жолы көшесі, Бұзырбаев көшесінен Горький атындағы саябаққа дейін;
- 16 қаңтар сағат 19.00-ден 02.00-ге дейін – Тимирязев көшесі Жандосов көшесінен Розыбакиев көшесіне дейін;
- 18 қаңтар сағат 01.00-ден 06.00-ге дейін – Бөгенбай батыр көшесі Достық көшесінен Уәлиханов көшесіне дейін;
- 18 қаңтар және 19 қаңтар сағат 03.00-ден 07.00-ге дейін – Құрманғазы көшесі Назарбаев даңғылынан Төлебаев көшесіне дейін.
Бұрын хабарланғанындай, түсірілім барысында түтін, пиротехникалық құралдар қолданылады, сондай-ақ қатты әрі шұғыл дыбысты көріністер болады. Кейде адамдар көп жиналатын түсірілімдер болады.
Кино тобы түсірілім басталардан бірнеше күн бұрын жақын маңдағы үйлердің тұрғындарын хабардар етуге, сондай-ақ ақпараттық белгілерді тікелей орындарда пайдалануға міндеттенді.
Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтарынан түсірілім процесіне түсіністікпен қарауды сұраймыз.